08 қыркүйек 2022 11:34

Өрт Қазақстандағы егін жинау науқанына әсер етті ме? АШМ жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев дала өртінің Қазақстандағы егін жинау науқанына әсері туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев дала өртінің Қазақстандағы егін жинау науқанына әсері туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, өрт елдегі егін жинау науқанына әсер еткен жоқ.

"Қостанай облысындағы өрт кезінде, бүлінген егін болса, ол - аз мөлшерде. Біз қазір комиссияның соңғы қорытындысын күтіп отырмыз. Бұл (өрт - еск.) азық-түлік қауіпсіздігіне ешқандай әсер етпейді. Бүгінгі жағдай бойынша, Қостанай облысында да, жалпы Қазақстан бойынша да барлық аумақтың 60 пайызға жуығы орылып бітті, егер жердегіні айтсақ, ол - 11,5 миллион, оның 9 миллион тоннасы бидай. Сондықтан, егін орылып жатыр, шығын жоқ", - деді министр Сенатта журналистер сауалына жауап бере отырып.

Еске салайық, Қостанай облысында бірнеше күн бойы орман өртенді. Өрт бірнеше ауылда жүзге жуық үйді шарпыды және зақымдады. 1800-ден аса адам қауіпсіз жерге көшірілген. 12 адам зардап шеккен. 1935 жылы туған ер адам қайтыс болды. Облыста жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети