Өрт кезінде шахтадан 63 адам қауіпсіз жерге шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өрт кезінде шахтадан 63 адам қауіпсіз жерге шығарылды ©Нұрғиса Елеубеков

Ақмола облысында "Қазақалтын" тау-кен - металлургия концерніне қарасты "Западная" шахтасында өрт болды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. "13 ақпан күні сағат 05.20-да Степногорск қаласының Бестөбе елді мекенінде "Қазақалтын" тау-кен - металлургия концерні" АҚ-на қарасты "Западная" шахтасында ағаш материалдар өртенді. Өрт 08.17-де ауыздықталған. Жалын шарпыған аудан - 0,5 шаршы метр", - делінген министрліктің хабарламасында. Төтенше оқиға кезінде шахтадан 63 адам қауіпсіз жерге шығарылған. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өртті сөндіруге "Жолымбет әскерилендірілген таудан құтқару жасағы" кәсіпорны филиалының 8 маманы мен 3 техникасы қатысты. Өткен жылдың соңында "Қазақалтын" корпорациясының Ақмола облысындағы кен орындарында төтенше оқиғалар жиі тіркелген еді. Қарашаның 21-і күні Шортанды ауданының Жолымбет елді мекеніндегі "Центральная" шахтасында жарылыс салдарынан бір жұмысшы қайтыс болды. Ал қазан айында осы шахтада екі жұмысшыны үйінді басып қалған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети