05 ақпан 2014 11:25

Өрт кезінде сексенге таяған кейуана қаза тапты

Бейтарап сурет. ©ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Атбасар қаласында бірқабатты көппәтерлі үй өртеніп, бір қария қайтыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Мамандардың мәліметінше, бес пәтерлі тұрғын үйде өрт 4 ақпан күні сағат 22.15-те шыққан. Жалын 4 шаршы метрді шарпыды. Оқиға орнынан 1936 жылы туған Сауытбекова деген әйелдің мәйіті табылды. "Өрт 22.59-да ауыздықталып, 23.40-та толық залалсыздандырылды. Үйден 12 адам қауіпсіз жерге көшірілді, олардың арасында екі бала болды", - делінген министрліктің хабарламасында. Өртті сөндіруге Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 10 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылған. Еске сала кетейік, 17 қаңтар күні Астанада бесқабатты көппәтерлі үй өртеніп, екі бала қаза тапқан еді. Балалар 2008 және 2011 жылы туған.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram