07 желтоқсан 2020 19:05

"Өрт кімнен шықса, сол ашсын": Павлодар тұрғыны өрт сөндірушілерге есік ашқан жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда көпқабатты үйдің тұрғыны пәтерінде өрт шыққан соң келген төтенше жағдай қызметі жұмысшыларына есік ашудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда көпқабатты үйдің тұрғыны пәтерінде өрт шыққан соң келген төтенше жағдай қызметі жұмысшыларына есік ашудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның видеосы Instagram желісінде жарияланды. 

"Өрт сөндірушілер! Есікті ашыңыз!" - жедел қызмет қызметкері домофон түймесін басып екі рет қайталайды. "Өрт кімнен шықса, сол ашсын", - деп жауап береді пәтерлердің бірінің тұрғыны.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі видео өрт сөндірушінің арнайы камерасына түсірілгенін хабарлады.

"101" пультіне Құдайбердиев көшесіндегі онқабатты үйдің № 15 пәтерінде өрт шығып, қыздар пәтерден шыға алмай жатқаны туралы хабар түсті. Өрт шыққан үйге барған кезде № 3 өрт сөндіру бекетінің қарауыл бастығы Қайрат Бексейітов пәтердің нөмірін терді. Алайда домофон арқылы жауап берген адам подъезд есігін ашудан бас тартты. Өрт сөндірушілер үйге кірді, бірақ иіс, өрт және түтін болған жоқ", - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, пәтер иесі өрт сөндірушілерді шақырмаған, қоңырау жалған болып шыққан.

"Пәтерде бір жігіт пен шамамен 25-30 жастағы екі қызы болды, олар алкогольдік ішімдіктер ішкен. Жастар өрт сөндірушілерді шақырғанын жоққа шығарды. Шындығында, осы мекен-жайдағы өрт туралы қыз хабарлаған, бірақ оның кім екені анықталған жоқ. Шақыру жалған болды", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, олар оқиға орнына бірден жеті техника мен 19 қызметкер барғанын айтты.

Полиция өрт сөндірушілермен кім және неге осылай қалжыңдағанын анықтап жатыр.

"Бұл факт Павлодар полиция басқармасына жіберілді", - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети