Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Орталық директоры азық-түлікке бөлінген бюджет қаражатын ұрлаған

14 Сәуір 2014, 12:10
0
©tengrinews.kz
©tengrinews.kz

"Шымкент" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына қарасты сауда-логистикалық орталықтың бұрынғы директоры 90 миллион теңгені ұрлағаны үшін айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап. 

Қазіргі кезде қаржы полициясы Қылмыстық кодекстің 176-бабы, 4-тармағы бойынша "өзгенің мүлкін иемденіп, талан-таражға салды" деген айыппен қылмыстық іс қозғап отыр. Оған сәйкес, 2012 жылы сәуір-желтоқсан айларында "Шымкент" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына қарасты сауда-логистикалық орталықтың бұрынғы директоры әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұруға арналған қордың ақшасын жымқырды. Сөйтіп, ел бюджетінің 90 миллион теңгесі ұрланды.    

Айта кетейік, Қазақстанның әрбір облысында арнайы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың құрылып, жұмыс істеп жатқанына біраз уақыт болды. Олардың негізгі мақсаты - аймақ экономикасын көтеру. Осыған орай, корпорациялар шағын және орта бизнеске қолдау көрсетіп, сан алуан жобаларды іске асыруы тиіс. Ал әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұру үшін арнайы тұрақтандыру қорлары бар. Оның барлығына республикалық бюджеттен қыруар қаржы бөлінеді. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай