Орталық сайлау комиссиясы Уәлихан Қайсаровтың азаматтығына күмән келтірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Ренат Ташқынбаев Фото: Ренат Ташқынбаев

Орталық сайлау комиссиясы Уәлихан Қайсаровтың азаматтығына қатысты күмән келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОСК мүшесі Ләззат Сүлейменге сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Орталық сайлау комиссиясы Уәлихан Қайсаровтың азаматтығына қатысты күмән келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОСК мүшесі Ләззат Сүлейменге сілтеме жасап. 

"Бізге кандидаттардың өздері жазып берген мәліметтерді қайта тексеруге тура келеді. Мысалға, өз кандидатурасын ұсынған ниет білдіруші Уәлихан Қайсаров сайлауға түсу туралы арызында өзге елдің азаматы екенін жазды. Орталық сайлау комиссиясы мұндай мәліметке тиісті әрекет етпей қоймайды", - деді Сүлеймен брифингте. 

Ол бұған байланысты ОСК Ішкі істер министрлігіне Қайсаровтың жеке бас мәліметтерін тексеру жөнінде сауал жолдағанын айтты. ОСК баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл ниет білдірушінің мемлекеттік тілде толтырған биографиялық мәліметтерінде бірнеше қате де бар. 

Бұған дейін президенттікке үміткер болуға ниет білдіргендердің қатарына Уәлихан Қайсаровтың қосылғаны хабарланған еді. Ол Ол "Кенесары хан" қорының басшысы ретінде өтініш берген. Қайсаров 2011 жылғы президент сайлауы науқанына да қатысқан болатын. Ол мемлекеттік тіл емтиханын тапсырмақ болды, бірақ лингвистика комиссиясы ол қазақ тілін жетік білмейді деген қорытынды жасады. Комиссия оның жазған жұмысынан 28 қате тапты. Бірнеше күннен соң Қайсаров Орталық сайлау комиссиясына тағы өтініш берді. Кейін Жоғарғы сот өкілдері лингвистика комиссиясының үстінен берген оның шағымын қанағаттандырмай тастады.

Орталық сайлау комиссиясының жаңарған мәліметтеріне қарағанда, 2015 жылғы сайлау науқанына қатысуға бүгінде 14 адам ниет білдіріп отыр. Жаңадан қосылғандардың қатарында Қайрат Майішев, Бақтияр Естемесов, Қанат Тұрагелдиев бар. Комиссия бұл адамдардың туралы толығырақ мәліметті әзірше жария ете қойған жоқ. 

Tengrinews.kz өткен аптада президенттікке ниет білдірген төрт адамның тіркеуге алынбағанын хабарлады. Олардың екеуі 40 жасқа толмаған, екеуі мемлекеттік тіл емтиханын тапсыра алмады. 7 наурыз күні ОСК баспасөз қызметі ниет білдіруші Қанат Жұманның мемлекеттік тіл емтиханынан өте алмағанын хабарлады, лингвистика комиссиясы ашық дауыс дауыс беру нәтижесінде май құю бекетінің басшысы ретінде өтініш берген ниет білдіруші мемлекеттік тілді жетік білмейді деген шешім қабылдады. 

Әзірше Конституция мен сайлау туралы заң талаптарына сай келетін жалғыз ниет білдіруші "Рухани қоғам әлемі" қоғамдық қорының басшысы Лимана Қойшиева болып тұр. Оған жақтастарының қолын жинау үшін қол қою қағаздары берілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro