1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Орталық сайлау комиссиясының экс-мүшесі өмірден өтті

Фото: election.gov.kz Фото: election.gov.kz

Орталық сайлау комиссиясының бұрынғы мүшесі Владимир Фоос өмірден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОСК сайтына сілтеме жасап.

"2020 жылы 14 шілдеде Владимир Фоостың 70 жасында өмірден өткенін күйзеліспен қайғырып хабарлаймыз.

Владимир Фоос Орталық сайлау комиссиясының жұмысына 20 жылдан астам ғұмырын арнай отырып, тәуелсіз Қазақстанның электоралды жүйесін қалыптастырудың бастауында болды", - делінген хабарламада. 

Орталық сайлау комиссиясы Владимир Фоостың еңбегіне жоғары баға берді.

"Сайлау жүйесінде қызмет атқаратын барлық азамат үшін Владимир Карлович аңызға айналған тұлға және дәуір адамы. Оны жұмысында әрқашанда жоғары кәсіби деңгейі мен сайлау процесін ұйымдастыру тетіктерін терең түсінуі ерекшелеп тұрды. Әріптестеріміз Владимир Фоостың сайлау үдерісін ұйымдастырудың әдіснамасы мен практикасын дамытуға зор үлес қосты.

Владимир Фоос еңбек демалысында болған уақытында да мейірімді дос және дана тәлімгер бола отырып, баға жетпес тәжірибемен және кәсіби білімдерімен бөлісті. Владимир Фоостың мезгілсіз өмірден озуы - бұл біз үшін ауыр және орны толмас қайғы.

"Оны парасаттылық, қайырымдылық және қарапайымдылық, өмірге деген бұлжымас құштарлық пен оптимизм сияқты ерекше адами қасиеттер ерекшелей түсті", - делінген хабарламада.

Орталық сайлау комиссиясының ұжымы Владимир Фоостың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.