ІІМ өкілдері Ақтөбе облысында 52 адам мерт болған автобуста өрттің неден шыққанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ІІМ өкілдері Ақтөбе облысында 52 адам мерт болған автобуста өрттің неден шыққанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Оқиға орнында жедел-тергеу тобы мен өрт зертханасы жұмыс істеп жатыр, олар қайғылы оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтап жатыр. Алдын ала нұсқа - автобус салонында болған бензиннен шарпыған жалын, бұл нұсқаны жүргізушілер мен жолаушылар растап отыр. Криминалдық сипаттағы және жол-көлік оқиғасы нұсқалары толықтай жоққа шығарылады", - деп мәлімдеді ІІМ өкілдері.
Барлық мән-жайды толық әрі жан-жақты анықтау мақсатында ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Қазіргі уақытта автобустан 52 адамның мәйіті толық шығарылған. Мәйіттерде термикалық әсер болғандықтан, тану мүмкін емес екені айтылады.
Еске салайық, осыған дейін Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ikarus маркалы автобустың 18 қаңтарда сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара - Шымкент тасжолының 1068 шақырымында, Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде өртенгені айтылған еді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған. Оның бесеуі автобустан шығып үлгерген. Кейін оқиға орнынан түсірілген видео мен фотосуреттер жарияланды.