Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасарына қатысты соттан кейін отставкаға кете ме? Бұл сұраққа әкім аппаратының басшысы жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасарына қатысты соттан кейін отставкаға кете ме? Бұл сұраққа әкім аппаратының басшысы жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Басылым журналистері облыс әкімдігіне сауал жолдаған. Өңір әкімі аппаратының басшысы Нұрділда Ораздың айтуынша, Нариман Төреғалиев отставкаға кете ме деген сұраққа нақты жауап сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана белгілі болады.
Естеріңізге сала кетейік, 16 тамызда Орал қалалық соты БҚО әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Ержан Балтаев пен Aqjaiyq ӘКК басқарма төрағасының бірінші орынбасары Артур Досқалиевке қатысты үкім жариялады. Сот оларды лауазымдық өкілетін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп тауып, Балтаевқа 8,6 миллион теңге, Досқалиевке 3,4 миллион теңге айыппұл тағайындады. Екі азаматтың да өмір бойы мемлекеттік қызмет атқаруына тыйым салынды.
Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәліметінше, Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаевтың сыбайлас жемқорлыққа күдікті болған.
Іс жеңілдетілген тәртіппен қаралды. Екі сотталушы да өз кінәсін мойындап, келтірілген залалды өтеді.
"Балтаев лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды деп күдіктелді. Прокурордың айыптау актісінде бұрын "Аqjaiyq ӘКК" АҚ жетекшісі болып жұмыс жасаған Балтаев, кейін де жұмысын үйлестірген деп жазылған. Ақпанда ол Досқалиевке өзінің жүргізушісі Елеусінов пен Молдахан есімді азаматты ӘКК-ға жұмысқа орналасуға нұсқау берген. Нұсқаулығында Балтаев олар іс жүзінде жұмыс істемейтінін атап өтті", - деп хабарланған еді.
Сот шешімі бойынша, сотталғандар айыппұлды үкім заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде төлеуге тиіс. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ және шағымдалуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!