23 қазан 2015 09:32

Орынбордан ұшырылатын зымырандардың қалдықтары Маңғыстау аймағына құлайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Орынбордағы "Ясная" алаңынан ұшырылатын зымыран қалдықтары Маңғыстау өңіріне құлайды. Бұл жайында "Астана" телеарнасының тілшілеріне Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков мәлімдеді.


Орынбордағы "Ясная" алаңынан ұшырылатын зымыран қалдықтары Маңғыстау өңіріне құлайды. Бұл жайында "Астана" телеарнасының тілшілеріне Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков мәлімдеді.

Бірақ, телеарна тілшілерінің мәліметінше, қалдықтардың қай аумаққа құлайтыны мен жер аумағының көлемі нақтыланбады. Маңғыстау өңірі зымыран қалдықтары үшін қомақты қаражатқа ие болады. Бұл сомма жылына шамамен жарты миллиард долларды құрамақ. Бұл келісім Ресей президентінің Қазақстанға ресми сарапы кезінде жасалған болатын. Ал, коммерциялық ұшырылымдардың операторы ретінде халықаралық "Космотрас" ғарыш компаниясы бекітіледі. Айта кетейік, Қазақстан, Ресей мен Украина осы компанияның акционерлері.

"Маңғыстау облысы жерді жалға бергені үшін тиісті қаражатын алады. Менің білуімше шамамен 500 мың доллар көлемінде.  Сомма қомақты. Өйткені Маңғыстау облысының әкімдігі келісімді қуана мақұлдады. Бұл ақша облыс бюджетіне түседі. Зымыран қалдықтарына бөлінетін нақты территорияны айта аламаймын. Бірақ үлкен емес", - деді ҚР Инвестиция және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети