01 қазан 2014 | 14:05

Орыс пен украинге айқара ашылған құшақ қандастарымызға келгенде неге тарыла қалды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков (фото) ©Нұрғиса Елеубеков (фото)

«Астанада екі оралман Қазақстан азаматтығынан шығып, қайтадан Моңғолияға көшуге қамданып жатыр», – деп хабарлайды «Алаш айнасы» басылымы 31 арнаға сілтеме жасап. Қандастарымыздың мұндай шешім қабылдауына не себеп? Бір кездері Қазақстаннан көшіп кетіп, қайтып келіп жатқан украин, неміс, орыс, белорус азаматтарына айқара ашқан құшағымыз, неліктен өз қандасымызға келгенде тарыла қалды? Біз осы сұрақтарға жауап іздеп көрген едік.

Иконка комментария блок соц сети

Моңғолиядан ата-қонысына қоныс аударған Мереке Тиянақ пен Серікбай Тұрпанов атты азаматтар қайтадан Моңғолияға көшіп кетпек. Оған басты себеп, Қазақстанда құқықтарының қорғалмай жатуы. Олар төрт жылдан бері өздеріне тиесілі зейнетақысын ала алмай келеді. Серікбай Тұрпанов шекарада қызмет еткені үшін 45 жасында зейнетке шыққанын, Моңғолиядан көшіп келген 5 жылдан бері қақпаған есігі қалмағанын тілге тиек еткен. Қандастарымызға Еңбек министрлігі «Моңғолия ТМД аумағына кірмейтіндіктен зейнетақы тағайындай алмаймыз» деп түсіндірген.

Серікбай Тұрпановтың айтуынша, өздерімен бірге Моңғолияда шекара саласында қызмет істеп, кейіннен Қазақстанға көшіп келген көптеген азаматтар зейнетақысын ешқандай қиындықсыз-ақ алып отыр екен.

Осындай деректерді алдыға тартқан екі азамат заңның неліктен баршаға ортақ емес екеніне налиды. Тіпті, олар Бас прокуратурадан бастап, Қорғаныс, Әділет, Еңбек министрліктерін аралап, депутаттардан да көмек сұраған.

Депутаттар бұл мәселені Моңғолияның елшілігі ғана шешетінін айтқан. Өйткені, қандастарымызға Қазақстан азаматы болғанымен, зейнетақыны еңбегі сіңген Моңғол елі төлеуге міндетті-міс.

Қандастарымызды елге шақыру азаматтық берумен шектелмейді. Олардың осы елмен етене араласып, сіңісіп кету үшін бар жағдай жасалуы керек. Бірақ, бізде теория жүзінде бәрі керемет болғанымен, практикада ақсап қаламыз. Мәселен...

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети