17 шілде 2014 | 11:48

Орыс тілі орыс саясатының құралы екенін жоққа шығармайық

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Қазақстан мемлекетін құрушы ұлт – қазақтың еліміздегі саны 11 миллионнан асып жығылады. Алайда оның 4 миллионға жуығы орыстілді екен. Геосаяси кикілжің құралының бірі орыс тілі екендігінің куәсі боп отырған бүгінгі жағдайда осы солтүстік көрші тілін еркін қолданушы қазақтарымыз өзге елдің, нақтырақ айтқанда Ресейдің саяси капиталы боп шыға келуде. Мұны олар біліп, түйсініп жүр ме?.. Жалпы, еліміздің тіл саясатына қандай да бір өзгеріс керек секілді. Сондықтан «Алаш айнасы» интернет басылымы мұның жайын орыстілді қазақ мамандарының өзінен біліп көруге тырысты...


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мемлекетін құрушы ұлт – қазақтың еліміздегі саны 11 миллионнан асып жығылады. Алайда оның 4 миллионға жуығы орыстілді екен. Геосаяси кикілжің құралының бірі орыс тілі екендігінің куәсі боп отырған бүгінгі жағдайда осы солтүстік көрші тілін еркін қолданушы қазақтарымыз өзге елдің, нақтырақ айтқанда Ресейдің саяси капиталы боп шыға келуде. Мұны олар біліп, түйсініп жүр ме?.. Жалпы, еліміздің тіл саясатына қандай да бір өзгеріс керек секілді. Сондықтан «Алаш айнасы» интернет басылымы мұның жайын орыстілді қазақ мамандарының өзінен біліп көруге тырысты...

Жалпы, бүгіндері біз Ресей мен Украина жағдайында тілдің тек өзара қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар оның саяси капитал екенінің куәсі боп отырмыз. Орыстілділер мүддесін қорғау деген ресейлік саяси түсініктің пайда болуы қазір әлемнің көп елін алаңдатып отыр. Мысалы, көктемде Польша сыртқы істер министрлігі орыстілділердің, орыс ұлтының өзге мемлекеттің азаматы болуы қауіп төндіретін жағдайға жеттік, енді осы бағыттағы саясатымызды жаңаша тұрғыда қарастыру қажеттілігі туып отыр деп мәлімдеген. Осы жағынан алғанда, халық санының 20-ға жуық пайызын құрайтын орысы бар, оған қоса орыс тілін қолданатындары басым ел ретінде бұл жайтқа Қазақстан да бей-жай қарамауы тиіс деп ойлаймыз. Мұндайда қандай амал қолданған тиімді? Бұл сауалға еліміздегі орыстілді қазақ мамандарының өзін тартып көрдік...

Кейбір қазақша судайларға қарағанда мен секілді орыстілді білікті мамандардың қоғамға берері мол

Марат Шибұтов, саясаттанушы:

– «Орыстілді халық мүддесін қорғаймыз» дегені Ресейдің қысылған кезде аузынан шыққан сөзі. Ол тек Украина жағдайында тиімділік танытып отыр, әйтпесе бұл Ресейдің сыртқы саясаты үшін жат дүние, сондықтан ол болашақта қолданылмайды, одан қорқып-үркудің қажеті жоқ деп есептеймін.

Ал өзіме келетін болсам, мен қазақ тілінде үш әдістемелік оқу құралын жазып шықтым. Өз саламда мемлекеттік тілде оқулық тапшы. Осы жағынан алғанда, қазақшам шамалы болса-дағы, кейбір қазақша судайларға қарағанда мен секілді білікті мамандардың қоғамға берері мол деп есептеймін. Жалпы, әсіресе көпэтносты Қазақстан үшін тілді саясат құралына айналдырмау керек деп санаймын.

Қазақстан халқының қазақ тілі маңына тұтасатын кезеңге келе жатырмыз

Досым Сәтбаев, саясаттанушы:

– Мен, әу бастан, Қазақстан халқы қазақ тілі маңында тұтасу керектігін айтып келемін. Бірақ ұлтаралық алауыздық туындамас үшін біздің билік тіл саясатында өте сақ қимылдауда. Бұл осыған дейінгі жағдай. Енді билікке бұл реттегі ұстанымын ақырындап қатайта бастау керек. Өйткені Украинадағы жағдай үстем тілдің геосаяси қақтығыс алаңында ұтымды пайдаланыла алатындығын көрсетіп беріп отыр. Сол секілді бұл жайт Қазақстанның өзге ел ақпараты колониясына айналып отырғандығын айқындай түсті. Демек, бізге тіл жағынан да қауіпсіздігімізді нығайта түсу қажет.

Құдайға шүкір, мемлекетті құрушы ұлттың саны 60-70 пайызға жетті. Соның арқасында қазір қазақтілді медиа сегменттердің қарқыны артып, сапасы да жақсарып, орыстілділермен үзеңгі қағыса жарыса алуда. Қазақтілді әнші бір Қайрат Нұртастың өзіне бүтін стадион толы халықты жинау түкке тұрмай тұр. Демек, қазақтілді өнімдерге, қызмет түрлеріне сұраныс күннен күнге артып барады. Қазақ тіліндегі мектептер қатары да молая түсуде. Алдағы 20 жыл ішінде ана тіліміздің иммунитеті толыққанды қалыптасады деп сенемін. Ендеше бүгіндері ішкі саясат та іркілісін доғарып, осыған қарай ыңғайлана түсуі қажет.

Бастысы, қазақ тіліндегі өнімдердің сапасын арттыруымыз керек. Сонда ол жаппай қолданысқа енгізіліп, мемлекеттік тілді білуге өзге этностардың құлшынысы өздігінен артады. Мен ауызекі тілде қазақша түсінемін, балам балабақшадағы қазақша топқа барады.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети