ОСК Қазақстандағы сайлаушылар санын атады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОСК Қазақстандағы сайлаушылар санын атады Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстан президенті сайлауында 11,8 миллионнан аса қазақстандық дауыс бере алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан президенті сайлауында 11,8 миллионнан аса қазақстандық дауыс бере алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, комиссия 2022 жылғы 1 қаңтар мен 1 шілдедегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдар ұсынған деректер негізінде сайлаушылардың бірыңғай электрон тізімін енгізеді.

Биыл 1 шілдеде сайлаушылар реестріне белсенді сайлау құқығы бар 11 827 277 азамат енгізілген. Олар тек тұрақты тіркелген жері бойынша енгізілгені айтылды.

Сайлаушылардың ең көп саны Түркістан облысында тіркелген - 1 165 869 адам. Одан кейін 1 150 460 азаматы бар Алматы қаласы. Көшбасшылар үштігін 944 550 сайлаушысы бар Алматы облысы қорытындылап тұр. Қарағанды облысында 745 762 азамат, елордада 731 270 сайлаушы тіркелген.

"Егер азамат өзінің тұрғылықты жерін өзгертпесе және оның нақты тұратын жері орналасқан жеріне сәйкес келмесе, онда оның сайлаушылар тізіміне енгізілгенін тексеруді қоспағанда, басқа ешқандай әрекет жасаудың қажеті жоқ. Жергілікті атқарушы органдар жеке тұлғалар туралы Мемлекеттік деректер қорының деректері бойынша оны автоматты түрде қосады", - деді Константин Петров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети