24 ақпан 2016 16:11

ОСК: Мәслихат депутаттығына кандидаттардың 70 пайызы - өзін-өзі ұсынғандар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың 70 пайызы - өзін-өзі ұсынғандар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.


Мәслихат депутаттығына кандидаттардың 70 пайызы - өзін-өзі ұсынғандар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2016 жылдың 23 ақпанында мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды. ОСК мәліметінше, республика бойынша округтік сайлау комиссиялары барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына 10825 кандидатты тіркеді. Осылайша, орташа бәсекелестік 1 депутаттық мандатқа 3 үміткерден болып отыр. Облыстық мәслихатқа 1592 кандидат, 121 адам Астана қаласының мәслихатына, 130 адам Алматы қаласының мәслихат депутаттығына кандидат ретінде тіркелген.Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаты мандатына 6862 кандидат, ал қалалық мәслихаттарға 2120 кандидат үміткер болған. Тіркелген кандидаттардың арасында 3407 адамды саяси партиялар, 17 үміткерді қоғамдық бірлестіктер үсынған, 7401 адам өзін-өзі ұсынған.

"2012 жылғы сайлаумен салыстырғанда, тіркелген кандидаттар  саны 2016 жылы 1660 адамға көбейді, яғни жергілікті өкілді билік органдарына сайлауда біздің азаматтардың электораттық белсенділігі едәуір өсті", - деді Орталық сайлау комисиясының мүшесі Марат Сәрсембаев.

Бүгіннен, яғни 24 ақпаннан бастап мәслихат депутаттығына тіркелген кандидаттар үгіт жүмыстарына кіріседі. "Барлық 10 мың 825 кандидат сайлауалды бағдарламасын ұсынып, сайлаушылар даусы үшін сайлау заңнамасының шеңберінде әділ бәсекелі күрес жүргізетініне сенім білдіреміз" - деді Сәрсембаев брифинг соңында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети