15 қазан 2022 | 17:35

ОСК Мейрам Қажыкенді президенттікке кандидат ретінде тіркеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мейрам Қажыкен Мейрам Қажыкен

Орталық сайлау комиссиясы Мейрам Қажыкенді президенттікке кандидат ретінде тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Орталық сайлау комиссиясы Мейрам Қажыкенді президенттікке кандидат ретінде тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Мейрам Кажыкенді Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеу мәселесі бойынша Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ортсайлауком мүшесі Шавқат Өтемісов баяндама жасады. Ол 2022 жылдың 4 қазанында Орталық сайлау комиссиясына "Аманат" Қазақстанның кәсіподақтар ынтымақтастығы" республикалық кәсіподақтар бірлестігі Мейрам Қажыкенді Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат етіп ұсыну туралы құжаттарды ұсынғанын хабарлады. Орталық сайлау комиссиясына кандидатты тіркеу үшін мынадай құжаттар ұсынылды: 

- Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкеннің және оның зайыбының активтер мен міндеттемелер жөнінде декларация тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы; 

- Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкеннің оны тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың жоқтығы туралы медициналық қорытындысы; 

- облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының аумақтық сайлау комиссияларының Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкенді қолдап жиналған азаматтардың қолдарын тексеру нәтижелері туралы хаттамалары. 

Осы хаттамаларға сәйкес Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкеннің қолдауына Қазақстанның 14 өңіріндегі 122 184 азаматтың қолы жиналды. Тексеру нәтижесінде 120 055 қолдың дұрыстығы анықталды, яғни қажет сан - кемінде 1 пайыз немесе 118 273 қамтамасыз етілді. 

Мейрам Қажыкенді Президенттікке кандидат ретінде тіркеуге қажетті барлық құжаттар Орталық сайлау комиссиясына ұсынылды және оларға қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді. 

ҚР ОСК қаулысымен Мейрам Зекешұлы Кажыкен 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып тіркелді, оған тиісті куәлік берілді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети