19 қыркүйек 2014 | 17:03

ОСК Сенат сайлауына халықаралық байқаушыларды тіркеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қуандық Тұрғанқұлов ©tengrinews.kz Қуандық Тұрғанқұлов ©tengrinews.kz

Орталық сайлау комиссиясы 1 қазанда өтетін ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауына байланысты халықаралық байқаушыларды тіркеу туралы қаулыны қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлімдеді.


Иконка комментария блок соц сети

Орталық сайлау комиссиясы 1 қазанда өтетін ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауына байланысты халықаралық байқаушыларды тіркеу туралы қаулыны қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлімдеді.

Қаулы негізінде ОСК Сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен ТМД бойынша 103, ШЫҰ-дан төрт, басқа да шет мемлекеттерден 22 байқаушыны тіркеуден өткізді. Сонымен бірге, 17 мемлекеттен сайлауды байқауға қатысатын 110 журналист бекітілді. Жалпы халықаралық ұйымның байқаушылары мен журналистерді тіркеу 25 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.

"Байқауға қатысатын халықаралық байқаушылар саны осы уақытқа дейін тіркелген байқаушылармен шектелмейді. Сайлаудың жанама болғанына қарамастан, қызығушылық танытушылар көп", - деді ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

Қазір сайлауға қатысты үгіт науқаны мен дауыс беру күніне дайындық жүргізіліп жатыр. Барлық өңірлерде үй-жайлар айқындалып, депутаттықтан үміткерлердің мәслихат депутаттарымен кездесуі кестесі белгіленіп отыр. "Қазір республика бойынша отыздан астам үгіт-насихат шарасы іске асырылып жатыр", - дейді Тұрғанқұлов.

Қазіргі таңда тоғыз үміткер үгітпен шектелмей, сайлау алдында өздерінің қорын құрып отыр. Бұл науқан 29 қыркүйекке дейін жалғаспақ.

Еске сала кетейік, сайлау қазан айының бірі күні өтеді. Дауыс беру, дауыстарды санау, оның нәтижесін жария ету сол күні бірлескен отырыста жария болмақ. Таңдаушылардың отырысында облыстың барлық мәслихаттарынан өкілдік ететін сайланған депутаттар санының елу пайыздан астамы қатысқан жағдайда ғана заңды болып саналады.

"Бүгінде еліміз бойынша түрлі деңгейдегі 2013 мәслихат жұмыс істейді. Мәслихат депутатарының 3335 мандатының 48-інің орны бос тұр", - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

Сайлау кезінде сайлаушылардың елу пайыздан астамының дауысын жинаған үміткер Сенат депутаты болып сайланады. Ал сайлаудың соңғы қортындысы жетінші қазаннан қалмай жария болады.

Сонымен бірге, 26 қазанда өтетін мәслихат депутаттарының сайлауы 48 округте өтеді, облыстық және Алматы қалалық сайлау комиссиялары ұсынған дерек бойынша, оған 104 үміткер ұсынылып, оның тек әзірге тоғызы ғана тіркелген. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети