Өскемен қаласының жаңа әкімі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жақсылық Омар Өскемен қаласының әкімі болып тағайындалды. Осыған дейін, ол Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Өскемен қаласының жаңа әкімі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жақсылық Омар Өскемен қаласының әкімі болып тағайындалды. Осыған дейін, ол Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Өскеменнің жаңа басшысын қала активіне Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов таныстырды.
Жақсылық Мұқашұлы Омар 1980 жылы 28 қыркүйекте Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған.
2001-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде. 2004-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінде. 2007-2009 жылдары "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ-ында. 2009-2009 жылдары "Арна медиа" Ұлттық ақпараттық холдингі" АҚ-ында. 2009-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі. 2010-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары, бастығы. 2011-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының бастығы. 2013 жылғы 27 мамырда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымынатқарды. 2016 жылдың қарашасынан бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Еске салайық, бұрынғы қала басшысы Қуат Тұмабаев Өскемен әкімі қызметінен кетті. "13 тамызда Өскемен әкімі Тұмабаев қызметінен кететіні жайлы арыз жазды. Өскемен қаласы әкімінің қызметінен кетуі ҚР Президентінің 2002 жылдың 29 наурызындағы №828 жарлыққа сәйкес келеді", - деп хабарлады ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері.
Мұның алдында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемен әкімі Қуат Тұмабаевқа жұмыстан кетуді ұсынған болатын. "Меніңше, Қуат Тұмабаевтың осындай жоғары лауазымда отыруға моральдық құқығы жоқ. Мен оған өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазуды ұсындым", - деген еді Даниал Ахметов.
Еске сала кетейік,, Қуат Тумабаев Риддерде адам өлімімен аяқталған жол апатының куәгері болған еді. Жол-көлік оқиғасы 2018 жылдың 15 сәуірінде шамамен сағат 21.00-де болды. Кейінірек Өскемен әкімінің адам қаққан шенеуніктің көлігінде болғаны анықталды. Жол апатынан ер адам қаза тапқан еді.