Өскеменде 100-ден аса адамды алдаған алаяқтар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде 100-ден аса адамды алдаған алаяқтар ұсталды Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті құрылыс компаниясының топ менеджерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне тоқтау салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті құрылыс компаниясының топ менеджерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне тоқтау салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олар көппәтерлі тұрғын үй кешенін саламыз деген желеумен 1,8 млрд теңге қаражат жымқырған.

Өскемен қаласында екі күдікті 102 азаматты алдап, құрылысқа үлескер ретінде қатысуға жалған келісімшарттар жасағандары анықталды.

Іс жүзінде тұрғын үй нысанының құрылысы созбалаңға түскен. Мерзімдері бірнеше мәрте ұзартылғанымен, көппәтерлі үй кешенінің құрылысы аяқталмаған.

Компаниялар заң талаптарын бұзғанын және үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат құжаттары болмағандығын атап өткен жөн.

Бүгінгі таңда күдіктілер соттың санкциясымен ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды.

Тергеу амалдарын жүргізу барысында күдіктілердің 2,3 млрд теңге мүлкіне тыйым салынды. Зардап шеккен азаматтарға қаражаттарын қайтару жұмысы жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети