жарақаттанған адам
Өскеменде көктайғақ салдарынан жарақат алғандардың саны күннен күнге артып барады. Бүгінде олардың саны 600-ден асты, деп хабарлады қалалық №2 емханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Қуанышбек Бимағамбетов Tengrinews.kz тілшісіне. "Тек қана қаңтар айынының өзінде біздің бөлімге 423 адам түскен. Оның 296-сы аяқ-қолын сындырып алған тұрғындар. Ал ақпанда 209 тұрғын емханаға ем-дом сұрап келді. Олардың 79-ының аяқ-қолы сынған. Олар бұл жарақатты қала көшелерінде жүріп алған", - дейді Қуанышбек Бимағамбетов. Оның айтуынша, адамдардың көбі аялдамалар мен жаяу жүргіншілер жолында құлап, аяқ-қолын сындырып алады екен. Алайда коммуналдық сала қызметкерлері бұл пікірмен келіспейді. "Тазалық мекемелері өз міндеттерін мүлтіксіз орындап келеді. Көктайғақ болған жерлерге құм себу жұмыстары дер кезінде жүргізіледі. Тұрғындардың арыз-шағымын үнемі ескеріп отырамыз", - дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары.
Өскеменде көктайғақ салдарынан жарақат алғандардың саны күннен күнге артып барады. Бүгінде олардың саны 600-ден асты, деп хабарлады қалалық №2 емханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Қуанышбек Бимағамбетов Tengrinews.kz тілшісіне.
"Тек қана қаңтар айынының өзінде біздің бөлімге 423 адам түскен. Оның 296-сы аяқ-қолын сындырып алған тұрғындар. Ал ақпанда 209 тұрғын емханаға ем-дом сұрап келді. Олардың 79-ының аяқ-қолы сынған. Олар бұл жарақатты қала көшелерінде жүріп алған", - дейді Қуанышбек Бимағамбетов.
Оның айтуынша, адамдардың көбі аялдамалар мен жаяу жүргіншілер жолында құлап, аяқ-қолын сындырып алады екен. Алайда коммуналдық сала қызметкерлері бұл пікірмен келіспейді.
"Тазалық мекемелері өз міндеттерін мүлтіксіз орындап келеді. Көктайғақ болған жерлерге құм себу жұмыстары дер кезінде жүргізіледі. Тұрғындардың арыз-шағымын үнемі ескеріп отырамыз", - дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары.