Өскеменде әйел сирек кездесетін құсты аман алып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде әйел сирек кездесетін құсты аман алып қалды © Tengrinews.kz

Өскеменде әйел Қызыл кітапқа енген қыранды құтқарып қалды. Енді оған айыппұл салынуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде әйел Қызыл кітапқа енген қыранды құтқарып қалды. Енді оған айыппұл салынуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сирек кездесетін құс Светлана Ивановада бір ай бұрын пайда болған. "Бір жігіт қоңырау шалып, жол бойында жаралы қыранды тауып алғанын айтып, онымен не істейтінін білмейтінін жеткізді. Тастап кетуге обал, өзіме алып бара алмаймын деді. Мен болсам, маған алып кел дедім", - дейді Светлана Иванова.

Кейінірек Светлана Қызыл кітапқа енген қыран  қарақұс екенін білген. Оны ел арасында корольдік қыран деп те атайды. "Жер бетінде бұл құстың тек 2000 данасы қалды, ал Қазақстанда саусақпен санарлық", - дейді әйел адам. 

Құсқа Орлик деген есім қойған, бір қарап шыққанда оның қанаты сынғанын байқауға болады. Светлана ветеринарлық клиникамен келісіп, Орликті толық тексеруден өткізген. 

"Жарақатына қарағанда оған оқ атқан секілді. Оның қанаты екі жерден сынған, жабық және ашық түрде. Өкінішке  қарай, мұндай жағдай жиі болып тұрады. Ірі құстар - аңшылардың көздегені. Жәй ермек үшін атады, кейін тастап кетеді. Светлана құтқарғысы келіп әлек болып жүр, Орликтің жасы екіге де толмаған", - дейді орнитолог Борис Щербаков.

Жас құсты құтқарамын деген игі істі әкімшіліктегілер құптамады. Олардың айтуынша, құзырлы органдардың рұқсатынсыз жабайы табиғат өкілін үйде сақтауға болмайды екен. Бұл үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл да салынатын көрінеді. 

"Ресейлік мамандар маған ең бастысы үзбей тамақтандыру керектігін айтты. Мен оған зоодүкеннен атжалман, тышқан, бөдене сатып алып тамақ қылып беріп жүрдім. Бірден айтайын, бұл арзан емес. Сол себепті мен Орликты өзімде сақтай алмаймын", - деп түсіндірді Светлана Иванова.

Светлананың айтуынша, Орликке жаңа орын табудың өзі де қиын шара болған. Зообақтағылар сирек кездесетін құсты алғысы келмейтіндерін айтқан. Егер оған бірдеңе болса, зообақ әкімшілігі жауап береді екен. 

Өскемендегі зообақ өкілдері осы жағдайға қатысты пікрі білдіруден бас тартты, ал Алматы зообағы осы ұсынысты қуана қабылдады. Дүйсенбіде Орликтың жаңа үйі пайда болады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети