Өскеменде бұзақылар ататы шоумен Бари Алибасовтың ескерткішінің аяғын жұлып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өскеменде бұзақылар ататы шоумен Бари Алибасовтың ескерткішінің аяғын жұлып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Танымал шоуменнің мүсіні Өскемен қаласының жағажайында орналасқан және тұрғындар арасында танымал. Бірақ осыдан бірнеше күн бұрын мүсіннің аяғын сындырып кеткен.
"Мүсін ауа райының қолайсыздығынан емес, ұзақ уақыт тұрғаннан емес, бұзақылдардың қолынан сынды", - деді Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілі.
"Бари Алибасовтың аяғын не үшін және кім жұлып кеткені белгісіз. Онымен құқық қорғау органдары айналысуы қажет. Біз болсақ сынған затты қайтадан жаңартуымыз керек", - деді әкімдік өкілі.
Мүсін гипстен жасалған, алтын түске боялған. Оны қайтадан жаңарту жұмыстарын өз орнында істейтін болады. Әкімдіктегілер ескерткіштің бірнеше аптадан кейін жөнделетінін айтты.