Өскеменде Елбасы тұсауын кескен бала сайлауда дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.
Өскеменде Елбасы тұсауын кескен бала сайлауда дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.
Орталықтың мәліметінше, Өскеменде 1996 жылы Елбасы тұсауын кескен Нұрсұлтан атты жас жігіт бірінші рет сайлауға қатысып, дауыс берді. "Өз дауысымды мемлекетімнің жарқын болашағы мен елімнің ертеңі үшін бердім", - дейді жас сайлаушы.
"Нұрсұлтан Ахмадиев Өскемен политехникалық колледжінің 1 курс студенті. Өмірге 1996 жылы облыс орталығында келіп, 11 жылдық білімді де осы жерде алған. Бір қарағанда тірлігі қатарластарынан айырмашылығы жоқ болғанымен, өмірге деген талпынысы мықты жас өрен, болашаққа деген нық қадамын тәй-тәй басқан шағында болған тұсау кесер рәсімімен байланыстырады", - делінген орталықтың хабарламасында.
Айта кетейік, 1996 жылы Шығыс Қазақстанға жұмыс сапарымен келген ел Президенті Қазақстандағы тұңғыш "Достық" үйінің ашылу салтанатына қатысып, өзімен аттас сәби Нұрсұлтанның тұсауын кескен екен.
"Бір қызығы бұл жолғы Президент сайлауы Қазақстан азаматы ретінде менің алғашқы парызым болды. Демек, бірінші рет Елбасы тұсауымды кесіп, өмірге "тәй-тәй" бастырса, бұл жолы азаматтық борышымның "тұсауын" кесіп отыр", - дейді жас Нұрсұлтан.