Өскеменде үлкен кітап сөресі түріндегі ерекше аялдама салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өскеменде үлкен кітап сөресі түріндегі ерекше аялдама салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аялдаманың сыртқы көрінісі ғана ерекше емес, онда қалалықтар автобусты күтіп тұрғанда уақытын пайдалы өткізе алады. "Кешенде кітап сөресі бар. Алғашқы даналарын өзіміз алып келдік", - дейді А.Пушкин атындағы кітапхананың өкілдері.
"Халық бұл кітаптарды алып кете алады, бірақ оқыған соң қайтарады деген үміттеміз. Бастысы кітап сөресі бос болып қалмағаны", - дейді кітапханашылар.
Мұндай кітап алмасу Еуропада кең қолданыста. Мұның аты - кроссбукинг. Ұйымдастырушылар бұл туралы өскемендіктер де біліп, қолдана бастайды деп есептейді. Сонымен қатар, аялдама қабырғасынан түрлі туындының QR-коды болады, оны телефонға жүктеп алуға болады.
"Аялдама кешенінде Wi-Fi және ыңғайлы орындықтар бар, сондықтан мұнда адамдарға ыңғайлы болады деп ойлаймын", - дейді "Кітапхана аялдамасы" идеясының авторы Райхан Алханова.
Бұл идеяны студент қыз бір ай бұрын қала әкіміне ұсынған болатын. Қуат Тұмабаев осы идеямен танысып шыққан соң, қолдап, келісім берген еді.