Өскеменде ер адам полицей көлігін айдап әкетіп, аударылған. Жергілікті полицейлер ұстап алған ер адам мас күйінде көлік жүргізген болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өскеменде ер адам полицей көлігін айдап әкетіп, аударылған. Жергілікті полицейлер ұстап алған ер адам мас күйінде көлік жүргізген болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға өткен жексенбіде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, полицейлер 35 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
"Мас күйінде көлік айдаған жүргізушіні полицейлер жақында ұстады. Оны қызметтік көлікпен куәландыруға апаруы керек болатын. Ол көлікті заңсыз түрде иеленді", - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Полиция қызметкерлері қызметтік көлігін жолдың шетіне қойып кеткен. Содан мас ер адам осы сәтті пайдалана отырып, қызметтік УАЗ-ды айдап әкеткен.
Жылдамдықты асырған мас жүргізуші көлік тізгінін басқара алмай, аударылған. Жол-көлік оқиғасы кезінде көлікті ұрлап әкеткен ер адам жарақат алмаған. Қазіргі уақытта көлікті заңсыз иелену дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.