31 қазан 2014 12:50

Өскеменде миллион теңгенің қару-жарағы тапсырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Өскемен тұрғындары полицияға заңсыз сақтаған атыс қаруларын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды тапсырды, - деп хабарлайды YK-news.kz. Қалада сыйақыға қару қабылдау акциясы аяқталды.


Өскемен тұрғындары полицияға заңсыз сақтаған атыс қаруларын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды тапсырды, - деп хабарлайды YK-news.kz. Қалада сыйақыға қару қабылдау акциясы аяқталды.

Қалалық ішкі істер басқармасының мәліметінше, қалалықтар барлығы 35 дана қару тапсырды, оның бесеуі - иір ойықты, 29-ы - тегіс оқпанды, сонымен бірге, полиция травматикалық тапанша да тапсырылды. Оған қоса, өскемендіктер калибрі әртүрлі мыңнан астам патронды әкелді. Берілген сыйақының жалпы сомасы - 1,343 миллион теңге. Айта кетейік, заңсыз қару-жарақ пен оқ-дәріні өз еркімен әкеліп тапсырған азаматтар жауапкершілікке тартылмайды.

Бұған дейін мұндай акцияның Павлодарда өткені хабарланған еді. Тұрғындардың бірі полицияға 1912 жылы шыққан винтовканы әкелді. Оның айтуынша, ерекше қару иесіз қалған үйді бұзу кезінде табылған. Винтовка қираған бөлмелердің бірінің еденінің астында сақталған. Ресми мәлімет бойынша, акция басталғалы бері Павлодар облысында еш жерде тіркелмеген 202 қару мен 6318 патрон қабылданды, берілген сыйақының жалпы сомасы - үш миллион теңге. Мемлекет өз еркімен тапсырылған бір қару үшін 10-нан 100 АЕК-ке дейін (1 АЕК - 1852 теңге) ақы төлеуді қарастырған.

 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети