Өскеменде мұғалімдерге 5 теңге жалақы төленген

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Tengrinews.kz архивінен Tengrinews.kz архивінен

Өскемендегі мектептердің бірінде мұғалімдерге белгіленген жалақыдан 50 пайызға төмен жалақы төленді. Кейбіріне тіпті 5 теңге ғана аударылған, - деп хабарлайды "Хабар 24".

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Өскемендегі мектептердің бірінде мұғалімдерге белгіленген жалақыдан 50 пайызға төмен жалақы төленді. Кейбіріне тіпті 5 теңге ғана аударылған, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Телеарна мәліметінше, есепті оқу орнының есепшісі жүргізген. Тексеру барысында бұрын 20 миллион теңгеге дейін артық төлем жасалғандықтан, қызметкерлердің лауазымдық жалақыларынан қомақты сома ұсталғаны белгілі болды.

Ұстаздардың айтуынша, олар осы уақытқа дейін артық ақша алып келгенін білмеген. Жұмыс беруші де оларға жалақы туралы мәлімет бермеген.

Дегенмен, қалалық білім бөлімінің экономистері мұғалімдер жалақысына егжей-тегжейлі қайта есептеулер жүргізіп, жанжалды соттың араласуынсыз шешуге уәде беріп отыр.

"5 теңге аударғандарына таңғалдым. Басшылыққа жүгіндім. Олар аудармағанын, бір қателік болғанын айтты", - деді бастауыш сынып мұғалімі Ольга Шмидт.

Еңбек департаменті мамандарының айтуынша, бұл бюджет қаражаты, кез келген жағдайда өз еркімен жалақысынан ұстап қалуға рұқсат беруі керек.

"Әрине, барлық соманы ұстамайды. 50 пайызға дейін ұстауға болады, болмаса сот арқылы шешіледі", - деді Өскемен қалалық білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагузова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro