Өскеменде өртеніп жатқан үйден 15 адам эвакуацияланды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменнің құтқарушылары көпқабатты үйдегі өрттен 15 тұрғынды эвакуациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменнің құтқарушылары көпқабатты үйдегі өрттен 15 тұрғынды эвакуациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 5 сәуірде Сәтбаев даңғылы бойындағы 10 қабатты тұрғын үйден өрт шыққан.

"Бірінші қабаттағы пәтер мен балкон өртенді. Сол өрт салдарынан жоғары қабатта орналасқан балконның сыртқы жабындары зардап шекті. Қауіпсіздік мақсатында 15 тұрғын кіреберістен баспалдақ арқылы эвакуацияланды", - деп хабарлады құтқарушылар.

Өрт сөндірушілердің келісілген іс-әрекеті жалпы аумағы 20 шаршы метрді құрайтын өртті ауыздықтады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі - электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети