Өскеменде полицей шылым шеккен ер адамды жазаға тарту үшін трамвайды қуып жеткен. Ер адам Өскемен қаласының тұрғыны болып шықты. Ол аялдамада шылым шегіп тұрып, трамвай келген сәтте темекінің тұқылын жерге лақтырып кете берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осылайша, ереже бұзған ер адам қажетті аялдамасына дейін жетпеген. Трамвай жүріп кеткен кезде полицей қоғамдық көліктің жүргізушісінен тоқтауын сұрап, соңынан қуып барған. "Біздің қызметкерлер ер адамның қоғамдық жерде шылым шеккенін видеоға түсіріп алған. Мұның өзі ереже бұзушылық", - деді ШҚО ІІД Жедел басқару орталығының қызметкері Болат Сүлейменов.
Сондай-ақ, ол ер адамның трамвай келген сәтте темекісін қоқысқа емес, асфальтқа лақтырып кеткенін ұсақ бұзақылық деп атады.
Ереже бұзған ер адамға 3 айлық есептік көрсеткіш ретінде - 7 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Бастапқыда ер адам өзінің темекі шекпегенін және полицейдің қателесіп тұрғанын айтқан. Жедел басқару орталығындағылардың айтуынша, видеобақылау инспекторлары 4 айда Өскеменде 25 қылмысты ашқан.