09 шілде 2020 | 16:44

Өскеменде полиция басқармасының басшысы қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскемен қалалық полиция басқармасының басшысы Даур Ибраев қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Өскемен қалалық полиция басқармасының басшысы Даур Ибраев қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өскемен қаласының полиция басқармасының басшысы Ибраев Даур Болатұлы қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз", - делінген хабарламада,

Полиция полковнигі Даур Ибраев - Семей қаласының тумасы, кадр офицері, 2000 жылдан бастап ведомстволық ЖОО-ны бітіргеннен кейін Шығыс Қазақстан облысы полициясының жедел-тергеу бөлімшелері лауазымдарында жұмыс істеді. Бородулиха және Шемонаиха аудандарының ішкі істер бөлімдерінде басшылық етті. 2016 жылдан бастап Өскемен қаласы полиция басқармасының басшысы қызметіне келген.

"Қызмет барысында өзін тәртіпті және сауатты офицер ретінде көрсетіп, құқықбұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге елеулі үлес қосты.

ШҚО полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы, Ішкі істер органдары мен ШҚО Ұлттық гвардиясының ардагерлер кеңесі полицейдің туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде полиция басқармасы басшысынан коронавирус анықталғаны хабарланған еді, алайда бұл мәлімет ресми түрде расталмады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети