Өскеменде қазақ мектебінің құрылысы 3 жылдан бері аяқталмаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде қазақ мектебінің құрылысы 3 жылдан бері аяқталмаған © ШҚО Ақпараттық орталығы

Өскеменде 2012 жылы салына бастаған мектеп құрылысының 50 пайызы ғана аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің әлеуметтік нысан құрылыстарын аралау кезінде белгілі болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде 2012 жылы салына бастаған мектеп құрылысының 50 пайызы ғана аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің әлеуметтік нысан құрылыстарын аралау кезінде белгілі болды.

Орталықтың мәліметінше, ШҚО-да қазіргі уақытта 118 әлеуметтік нысан салынып жатыр. Алайда мердігерлердің жауапсыздығынан 13 нысан уақытында пайдалануға берілмеген.

"Өңір басшысы шаһардың 19-шағын ауданында салынып жатқан 1000 орынды мектеп құрылысының жұмысымен танысты. "Ақмола Құрылыс Материалдары" ЖШС мердігерлігімен мектеп құрылысы 2012 жылдың жазында басталғанымен, бүгінде жұмыстың 50 пайызы ғана аяқталған", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, мемлекеттік тілде ашылғалы отырған білім ордасының құрылысына 1 миллиард 700 миллион теңге бөлінген, алайда бұл қаржы толық игерілмепті. Нысан орнынан бас мердігерді кезіктірмеген әкім есеп бермеген жағдайда мәселе тиісті органдар арқылы шешілетінін ескертті.

"Қандай нысан болмасын ең алдымен халықтың ақшасына салынып жатыр. Құрылыстың жүрмей жатқаны мердігердің кінәсі болса, жергілікті басқару органдары бұл мәселеге бей-жай қарамауы тиіс. Мектеп бойынша құрылысшылар пұлы әзірленіп, нысанда 600 құрылысшы жұмыс істеуі керек. Мердігер нақты жұмысқа көшпесе, келісімді бұзып, өзге жолдарды қарастырамыз. Нысан 1 қыркүйекке дейін пайдалануға берілуі керек. Жауапсыз мердігер жазасыз қалмауы тиіс. 14 сәуірде олармен жиналыс өткіземін. Сол уақытқа дейін облыстағы аяқталмаған барлық әлеуметтік нысандардың толық аяқтау жобалары даяр болсын", - деді Ахметов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети