Өскеменде шанаға жегілген иттер арасында жарыс өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде шанаға жегілген иттер арасында жарыс өтеді ©shot.photo.qip.ru

Наурыздың 9-і күні Өскеменде "Үлкен жарыс" өтеді. Онда шанаға жегілген иттер жарыс алаңына шығатын болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жарыс кезінде сонымен қатар итпен бірге жүгіру, шаңғы киген иесін иттің сүйретуі секілді әртүрлі байқаулар ұйымдастырылмақ. Және әдемі безендірілген иттер арасында да арнайы байқау өткізілмек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай сайыс жылына екі мәрте – жаз және қыс маусымында өткізіліп тұрады. Төртінші мәрте өткізілгелі жатқан бұл сайысқа Семей, Риддер және Зырян қалаларынан келген иттер қатыстырылмақ. "Біздің бұл сайысты ұйымдастырудағы мақсатымыз – адамдарды спортқа тарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, әсіресе, балалар арасында. Балалар көп уақытын компьютер алдында емес, таза ауада иттермен бірге серуендеп өткізсе дейміз", - дейді аталған сайысты ұйымдастыру комитетінің төрайымы Яна Федорова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 508.3  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети