Өскеменде сайлауға келушілерге бір тонна бауырсақ таратылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде сайлауға келушілерге бір тонна бауырсақ таратылды

Өскеменде ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауға барған тұрғындарға бір тонна бауырсақ таратылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауға барған тұрғындарға бір тонна бауырсақ таратылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Наурыз мерекесімен қатар келген саяси науқан барысында қаладағы бірқатар сайлау учаскелерінде мерекелік дастарқан жайылған. Таңнан дауыс беруге асыққан сайлаушылар ұлттық киім киіп, елге үлгі көрсеткен.

"Тұрғындарға бауырсақ таратып, мерекелік дастарқан жасау өте керемет идея. Еліміз үшін осындай айтулы күнде де біздің дәстүрлеріміз ұмыт қалмайтынына қуаныштымын", - дейді Өскемен қаласының тұрғыны Альфия.

Акцияны қала кәсіпкерлері 112 сайлау учаскесінде ұйымдастырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети