23 қараша 2022 | 09:42

Өскеменде шошқа фермасы 20 жыл бойы құжатсыз жұмыс істеген

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде шошқа фермасы 20 жыл бойы құжатсыз жұмыс істеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Өскеменде шошқа фермасы 20 жыл бойы құжатсыз жұмыс істеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, бұған дейін бірнеше елді мекен тұрғындары шаруашылықтың қызметіне, экологиялық залалына шағымданған. Тұрғындар қораптардағы қалдық сұйықтық ауызсуға түсіп, қалдықтардың заң бұзушылықпен сақталып жатқанын айтқан. Экологиялық аудит те бұл деректерді растаған.

Оның үстіне, 20 жылдан бері шаруашылық бірде-бір экологиялық сараптамадан өтпеген. Бұйрық бойынша кәсіпкер барлық заң бұзушылықтарды жойып, тұрғындарды хабардар етуі тиіс. Бірақ бұл орындалмаған. Осылай іс сотқа дейін жеткен.

Сот тұрғындар шағымын ескеріп, департаменттің дәлелдерін қолдап шешім шығарған. Сот шешімі күшіне енгенде, кәсіпорынның қызметі бірден тоқтатылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети