Өскеменде студент телефонын бөтен адамдар пайдаланып, кредит рәсімдегенін хабарлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде студент телефонын бөтен адамдар пайдаланып, кредит рәсімдегенін хабарлады Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Өскеменде оқу орындарының бірінің бірінші курста оқитын 18 жастағы студенті полицияға шілдеден қарашаға дейін белгісіз біреулер оның атына бірнеше несие рәсімдегенін хабарлады. Қыздың айтуынша, мұны белгісіздер оның телефонын пайдаланып жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz басылымына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, жалпы шығын 900 мың теңге болған.

"Бұл әрекетте жәбірленушінің 18 жастағы екі сыныптасы күдікке ілінді", - деп хабарлады Өскемен қалалық ПБ баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети