Өскеменде сұлулық салоны қызметінен кейін әйел қайтыс болды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде сұлулық салоны қызметінен кейін әйел қайтыс болды

Өскеменде сұлулық салонының қызметінен кейін әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты Өскемен қаласының прокуратурасы растады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде сұлулық салонының қызметінен кейін әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты Өскемен қаласының прокуратурасы растады.

Ведомство мәліметінше, сұлулық салонына әйел көзіне блефаропластика жасату үшін барған.

"Сұлулық салонына 1962 жылы туған әйел көзіне блефаропластика жасату үшін жүгінген. Лицензиясы мен медициналық және басқа да қызметпен айналысуға рұқсаты жоқ салон қызметкері жоғарыда аталған процедураны жасаған. Біраз уақыттан кейін әйел жансақтау бөліміне түсіп, сол жерде қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел анафилактикалық шоктан қайтыс болған. Сондай-ақ биыл 16 сәуірде Қылмыстық кодекстің 322-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети