Өскеменде тағы бір жаңа ғимараттың төбесі опырылып, бірнеше пәтерді су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өскеменде тағы бір жаңа ғимараттың төбесі опырылып, бірнеше пәтерді су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дамира Сәрсембаеваның айтуынша, оның әпкесі Эльвира төбесі құлаған пәтерде тұрып жатыр. Оқиға 3 ақпанда таңертең болған.
"Таңғы сағат бесте болған. Пәтер төбесінде ыстық су құбыры жарылып, бәрі су астында қалды. Төбе опырылып, барлық жер су болды. Әпкем ауыр дертке шалдыққан - аутизм спектрінің бұзылуымен ауыратын алты жасар ұлымен бірге тұрады, оны жалғыз тәрбиелеп отыр. Қазір тура мағынасында олардың төбесінде шатыр жоқ. Сыртта аяз", - дейді Дамира Сәрсембаева.
Әл-Фараби даңғылы, 38/3 мекенжайындағы пәтерді Эльвира үш жыл бұрын ипотекаға сатып алған. Ай сайын 60 мың теңге төлейді. Екі апта бұрын Дамира әпкесіне көмектесу үшін зейнетақы төлемдерін ипотекалық несие есебіне аударған. Ипотека, әрине, жабылған жоқ. Бірақ ай сайын төлейтін төлем 50 мың теңгеге дейін азайған.
"Үйдің төбесінде құбырдың жарылуы бірінші рет емес. Комиссия келген. Келтірілген шығынды есептеп, сотқа беріңдер деді, бірақ сот процесі жүріп жатқанда әпкем баласын арқалап қайда барады? Қайда тұрады?" - дейді әйел.
Қаланың тұрғын үй қатынастары бөлімі де туындаған жағдайға қатысты пікір білдірі. Олар бір ғана емес бірнеше пәтер зардап шеккенін айтты.
"Бұл үйге "Өрлеу" ЖК қызмет көрсетеді. 1 ақпанда жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты тұрғындардың бірінен ыстық және суық сумен жабдықтауды ажыратуға өтінім келіп түсті. Алайда жұмыс аяқталғаннан кейін су крандары тек жертөледе ашылған. Осыған байланысты № 25, 20, 15 және 10 пәтерлер су астында қалды. Оқиға орнында тексеру жүргізіліп, акт жасалды", - деді тұрғын үй қатынастары бөліміндегілер.
Сондай-ақ, осы пәтерлер тұрғындарына "Тұрғын үй қатынастары туралы" заң түсіндіріліп, келтірілген залалды анықтау үшін тәуелсіз сараптама жалдауға, содан кейін "Өрлеу" ЖК-ға сот тәртібімен талап арыз беру ұсынылғаны айтылды.
Фото: Тұрғындар ұсынған
Айта кетейік, бұл Өскемендегі алғашқы жағдайы емес. Былтыр 12 желтоқсанында Есенберлин көшесі, 4/1 мекенжайындағы пәтерде төбе опырылып, тұрғындар үстіне ыстық су құйылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!