Өскеменде тамақтың химиялық күйігін ресми диагноз деп тану ұсынылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде тамақтың химиялық күйігін ресми диагноз деп тану ұсынылды

Өскеменде тамақтың химиялық күйігін ресми диагноз деп тану ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде тамақтың химиялық күйігін ресми диагноз деп тану ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, бұл бастаманы облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұйымы көтерген. Департамент басшысы Денис Шәкенов сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын жасау барысында өңірдің басты мәселесі экология екені анықталғанын айтады.

Шәкеновтің айтуынша, зерттеу жұмыстары кәсіпорындардың ескірген жабдықтарды пайдаланатынын, тазалау жүйесінің тиімсіз екенін көрсеткен. Келетін жанармайдың сапасына да шағым көп. Тұрғындардың үнемі көтеріп жүрген басты мәселесі - атмосфераға шығарындыларға тікелей қатысты медициналық диагноздың жоқтығы. 

"Денсаулық сақтау министрлігі тиісті ем тағайындау үшін "тамақтың химиялық күйігі" деген ресми диагноз қоюы керек. Өйткені қазіргі таңда тамағын күйік шалған адамдар ЖРВИ-мен емделіп жатыр", - деді Денис Шәкенов.

Өскемен тұрғындары бұл ауруды емдеу ұзаққа созылмауы үшін дереу дұрыс ем тағайындау маңызды деп санайды, өйткені қалада тамақтың химиялық күйігінен зардап шеккендер көп. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети