22 мамыр 2014 16:42

Өскеменде тұрып қалған туристер Түркияға бүгін кешке ұшады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскемен әуежайы. ©oskemen.info Өскемен әуежайы. ©oskemen.info

Өскемен әуежайында тұрып қалған 100-ге тарта турист әлі Түркияға ұшқан жоқ. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Гүлнар тур" туристік агенттігінің заңгері Ирина Самойлова мәлім етті.


Өскемен әуежайында тұрып қалған 100-ге тарта турист әлі Түркияға ұшқан жоқ. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Гүлнар тур" туристік агенттігінің заңгері Ирина Самойлова мәлім етті.

Туристердің Түркияға ұша алмай жүргеніне үш тәулік болды. Әңгімелесушінің айтуынша, бүгін, сағат 18:40 туристер SCAT әуекомпаниясының ұшағымен Анталияға ұшуы тиіс. Қазақстанның демалушылары қайтарда Jet Airlines әуекомпаниясының бортымен келетін болады. Қазір қазақстандық туристер туристік агенттік төлеген қонақ үйлер мен жалға берілген пәтерлерде ұшуды күтіп отыр. Алайда Түркияға демалуды қалаушылардың басым көбі, әңгімелесушінің айтуынша, Өскеменде тұратындар. Сондықтан олар рейсті өз үйлерінде күтіп отырған көрінеді.

"Туристердің демала алмаған барлық күндерінің ақысын біз өз мойнымызға аламыз, төлейтін боламыз. Туристердің ешқайсысы төлемейді. Біз қазірдің өзінде кепілхат жазып қойдық, оның барлығы саяхатшыларға берілген. Біз туристерден кешірім сұраймыз. Бұл ойламаған жағдай болды. Алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктер қайталанбасы үшін барымызды салатын боламыз", - деді Ирина Самойлова.

Еске сала кетейік, Өскеменнен Түркияға 108 адам ұшып бара алмай жатыр. Бұдан бұрын Самойлова хабарлағандай, түрік билігі қазақстандық Jet Airlines әуекомпаниясы ұшақтарының ұшуына рұқсат бермеуіне байланысты рейстер кешіктірілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети