Өскеменде үшінші қабаттағы балкон опырылып, әйел жерге құлап түсті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде үшінші қабаттағы балкон опырылып, әйел жерге құлап түсті

Оқиға қаладағы орталық көшелердің бірінде болды. Тұрғындар сөзінше, зардап шеккен адам кір жайып тұрғанда балкон тесіліп құлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға қаладағы орталық көшелердің бірінде болды. Тұрғындар сөзінше, зардап шеккен адам кір жайып тұрғанда балкон тесіліп құлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлер жарақат алған әйелдің жолы болды десті. Себебі, ол көп кеңсе орналасқан ғимараттың маңына құлады. Ал ол жерде медициналық білімге ие бірнеше адам бар. Ақ халаттылар келгенге дейін қолдан келген көмектерін аямаған.

"Пәтерінде тамақ істеп жүріп балконға шыққан сияқты. Мүмкін, кір жаю керек болды ма екен? Біз жүгіріп жеткенде "үйде балам қалды" деп бірнеше рет айтты. Әйтеуір көршілерінің бірінен "болгарка" табылып, есіктің темірін кесіп жіберді. Үйге кіргенде ішін толықтай түтін басып кетіпті. Ал үстелдің астында бала айқайлап жылап отыр. Сырт көзге алты айлық сәби сияқты көрінді. Жамылғыға орап алып шығып, әйелдің туысқандары келгенше кеңседе қалдырдық", – деді Раушан Смаилова.


Болған жайттың тағы бір куәгері жарақаттанған әйелдің көршісі, әрі осы көпқабатты үйдің жетекшісі болып жүрген Любовья Зиновьева.

"Бұл үйде көбі пәтер жалдап тұрады. Олар осы уақытқа дейін балкон қауіп төндіріп тұрғанын, бетон бөліктері жиі құлайтынын айтып жүрді. Бірақ ешкім бұған мән бермеді. Соңы немен аяқталғанын өздеріңіз де көрдіңіздер. Қайта слесарь мамандар бар екен: есіктің темірін кесіп, баланы құтқарып қалды. Негізінде, есікті ашудың өзі көп уақытты алды", – деді ол.

Нәтижесінде зардап шеккен әйелді жедел жәрдем көлігі алып кетті, ал бала әйелдің туысқандарымен қалды. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің ақпаратына сүйенсек, балконнан құлаған тұрғынның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети