Өскеменде жолақы 75 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде жолақы 75 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін ©Tengrinews.kz

Өскеменде қоғамдық көліктердің жолақысы қымбаттап, билет құны 75 теңгеге дейін өсуі мүмкін, - деп хабарлайды YK-news.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде қоғамдық көліктердің жолақысы қымбаттап, билет құны 75 теңгеге дейін өсуі мүмкін, - деп хабарлайды YK-news.kz.

17 сәуір күні қалалық мәслихатта тарифті өсіруге байланысты дауыс беру жоспарланған. Тасмалдаушылар автобустағы жолақысының бағасын 75 теңгеге дейін, шағын автобустарда 80 теңгеге, қала маңына қатынайтын көліктерде 100 теңгеге дейін көтеруге ниетті. Егер, тарифті өсіру мақұлданса балалар мен түрлі жеңілдіктері бар адамдар үшін жол ақысы 38 теңгені құрайтын болады. Мамандардың сараптауына қарағанда, Өскеменнің ірі тасмалдаушылары қазіргі тариф бойынша шығынға ұшырап жатыр. Олардың айтуынша,  бағаны көтеру жағдайды қалыпқа келтіруге және жүгізуші мен кондуктордың жалақсын көтеру үшін қажет.

"Тасымалдаушылар мен ШҚО кәсіпкерлер палатасынан әкімнің атына хат жазылды. Онда, егер тарифті өзгерту 18 сәуірде қаралмаса, 19 сәуірде автобустар жұмысқа шықпайды делінген", - дейді тасымалдаушылардың өкілі.

Айта кетейік, 14 сәуір күні Өскеменде қоғамдық көліктердің көпшілігі жұмыс істемеген. Жолаушы тасымалдауға автобустардың жартысы ғана шыққан. Осындай шара арқылы тасымалдаушылар жол жүру ақысын көтеру туралы мәселені қарауға қала басшыларының назарын аудартқан.  

 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети