08 тамыз 2014 | 20:07

Өскемендегі "тұман" табиғаттың жайсыздығынан болған - экологтар

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тұмандағы" Өскемен. ©Виктор Абакумов/yk-news.kz "Тұмандағы" Өскемен. ©Виктор Абакумов/yk-news.kz

ШҚО әкімдігінің экология жөніндегі департаментіндегілер Өскеменде 7 тамызда көрініс тапқан ақ тұмша табиғаттың жайсыздығынан болған деп санайды. Бұл туралы YK-News.kz хабарлайды. Еске сала кетелік, алдында "Қазгидромет" РМК өкілдері қаланы басып қалған "тұман" құрамында зиянды заттар бар деп мәлімдеген.


Иконка комментария блок соц сети

ШҚО әкімдігінің экология жөніндегі департаментіндегілер Өскеменде 7 тамызда көрініс тапқан ақ тұмша табиғаттың жайсыздығынан болған деп санайды. Бұл туралы YK-News.kz хабарлайды. Еске сала кетелік, алдында "Қазгидромет" РМК өкілдері қаланы басып қалған "тұман" құрамында зиянды заттар бар деп мәлімдеген.

ШҚО әкімдігінің Экология жөніндегі департамент басшысы Дмитрий Кавригин сарапшылар бұл жайтқа ӨМЗ, Қазцинк немесе ӨК ЖЭО кінәлі деп дөп басып айта алмайды. "Бұл - кешенді фактор және табиғаттың қолайсыз жағдайы да бұған әсер еткен, өйткені "Қазгидромет" мәліметі бойынша ақ тұмшажайлаған уақыттағы желдің соғу жылдамдығы нөлге тең келген" дейді Кавригин. Оның сөзіне қарағанда, қаланы тозаң жайлағандықтан экологтар жағдайды анықтау үшін өнеркәсіп орындарына хабарласқан.

Нәтижесінде қандай да бір апатты немесе төтенше жағдай орын алмағандығы анықталды дейді Кавригин. Ол Өскеменнің кәсіпорындарынан технологиялық жабдықтар жұмысын қадағалауды күшейтуді талап еткенін айтады. Оның айтуынша, ақ тозаң төрт сағат бойына тарқамай тұрып алған. Осы уақыттағы ауа құрамында ангрит, хлор және тағы басқа заттардың шекті көлемнен асып кеткендігі анықталған. "Онлайн режимінде біз зиянды заттардың құрамы тізбесін қадағалап отырдық, 9:30 шамасында ангрид қышқылы көрсеткіші өсе бастады, ал сағат күндізгі 11-де барлық көрсеткіш бойынша бұл көлемнің артқандығы байқалды. ШҚО Экологиялық қауіпсіздік орталығының және газөлшегіш жүйесінің желісіндегі мәліметтер бойынша, жағдай 13:30-да толықтай қалыпқа келді" дейді Кавригин.

Еске сала кетелік, 7 тамызда қаланы ақ тозаң жайлағанда "Қазгидромет" РМК ауа құрамындағы зиянды заттар көрсеткіші бірнеше есеге артты деп мәлімдеген. Ал Экологиялық қауіпсіздік орталығындағылар ақ будақ қарапайым тұман деп сендіруге тырысқан.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети