Өскемендік студенттер 1 қаңтардан кейін баспанасыз қалудан қорқып отыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскемендік студенттер 1 қаңтардан кейін баспанасыз қалудан қорқып отыр

Өскемендік студенттер жаңажылдық мерекеде жатақханасыз қалудан қорқады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскемендік студенттер жаңажылдық мерекеде жатақханасыз қалудан қорқады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Қаладағы түрлі оқу орындарының 189 студенті жеке жатақханада тұрады. Мұнда көпшілігі мемлекет есебінен тегін өмір сүреді, негізінен жетім балалар мен аз қамтылған отбасы балалары. Сондықтан Жаңа жыл күні баспанадан шығарылатындары туралы ескерту нағыз дүрбелең туғызған.

"Бізге 1 қаңтардан бастап жатақхана жабылатынын айтты. Жатақханамыздың жабылу қаупі бар. Егер пәтерге кетсек, бұл қымбатқа түседі", – дейді стоматологиялық колледж студенті Анастасия Горбунова.

Жатақхана әкімшілігі мәселе мемлекет тарапынан қаржыландырудың тоқтап қалуынан туындады деп түсіндіреді. Министрлік реформасынан кейін олармен ұзақ уақыт келісімге қол қоймаған. Ал жатақхана басшылығы студенттерді өз есебінен асырай алмайды. Алайда мемлекеттік органдар студенттерді шығармайды деп отыр.

"Келісімшарттар қазынашылыққа тіркеуге жіберілді. 2022 жылдың 20 желтоқсанына дейін барлық төлем жеткізушіге аударылады. Ал жеткізуші барлық талабын қайтарып алды. Студенттерге қатысты төлемдер болатындықтан, студенттер шығарылмайды", - деді "Қаржы орталығы" АҚ ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаменті директорының орынбасары Диас Жамбылов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети