Өскеменнің әкімі әкесінің сырқаттанып қалуына байланысты қызметінен кетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменнің әкімі әкесінің сырқаттанып қалуына байланысты қызметінен кетеді Ерлан Аймұқашев

Өскеменнің әкімі қалалық әкімдікте журналистерге әкесінің сырқаттанып қалуына байланысты қызметінен кететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменнің әкімі қалалық әкімдікте журналистерге әкесінің сырқаттанып қалуына байланысты қызметінен кететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

Ерлан Аймұқашев қалалық әкімдіктің басшысы қызметінде бір жылдан аса уақыт жұмыс істеген. Осылайша, Өскеменнің әкімі журналистермен ресми түрде қоштасты.

"Бұл оңай шешім болған жоқ, отбасындағы жағдайларға - егде жастағы әкемнің сырқаттанып қалуына байланысты. Менің борышым - қазір оның жанында болу. Өкінішке қарай, жұмыстағы жоспарлардың барлығы орындалған жоқ. Меніңше, әлі бәрі алда", - деді Ерлан Аймұқашев БАҚ өкілдеріне.

Облыстық орталықтың әкімінің айтуынша, оның бұл шешімі жайлы өңір басшылығы біледі.

Айта кетейік, Ерлан Аймұқашев 2016 жылдың 20 сәуірінде Өскемен әкімі болып тағайындалған еді. Ол бұл қызметіне дейін ШҚО әкімі аппаратын басқарды. Сондай-ақ, Ерлан Аймұқашев ұзақ жылдар бойы қазіргі уақытта ШҚО әкімі қызметін атқарып жүрген Даниал Ахметовтың командасында түрлі лауазымдарды атқарған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети