12 қараша 2018 | 15:31

Өскеменнің экс-әкімі Қуат Тұмабаев полицейлерді сотқа берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қуат Тұмабаев Қуат Тұмабаев

Өскеменнің экс-әкімі Қуат Тұмабаев полицейлерді сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облыстық сотының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі үйлестірушісіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Өскеменнің экс-әкімі Қуат Тұмабаев полицейлерді сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облыстық сотының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі үйлестірушісіне сілтеме жасап.

Тұмабаевқа қатысты іс Риддер қаласының сотында қаралған болатын.

Соттағылардың айтуынша, Тұмабаев Қарақұлов пен Қайратов есімді полицейлердің ол жайлы расталмаған мәлімет таратқандары үшін әрқайсынан 3 миллион теңге өндіріп алуды талап еткен. Айтуынша, полицейлер экс-әкімді жол апатын жасаған кезде мас болғанын айтқан. Осылайша Тұмабаевтың өтініші ішінара қанағаттандырылып, полицейлердің бірінен 100 мың теңге өндіру туралы шешім шыққан.

YK-news.kz мәліметінше, сот БАҚ-тарда Сымбат Қарақұловтың айтқан сөздерінің шындыққа жанасатынын айтты. Қарақұлов Тұмабаевтың көлікті тоқтату туралы талапты орындамағанын айтқан болатын. Ал Сымбат Қайратовтың айтқаны - Тұмабаевтың көлікті мас жүргізгені жайлы мәлімет расталмаған.

Осылайша полиция қызметкерлерінің екеуі де қызметтерінен босатылды. Қазіргі уақытта Сымбат Қарақұлов сот арқылы кінәсі жоқ екенін дәлелдеп, қызметіне қайтып келмекші. 

Еске сала кетейік, Қуат Тұмабаев Риддерде адам өлімімен аяқталған жол апатының куәгері болған еді. Жол-көлік оқиғасы 2018 жылдың 15 сәуірінде шамамен сағат 21.00-де болды. Кейінірек Өскемен әкімінің адам қаққан шенеуніктің көлігінде болғаны анықталды. Жол апатынан ер адам қаза тапқан еді.

Кейінірек тамыз айында Қуат Тұмабаевтың Өскемен әкімі қызметінен кеткені хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети