Өскемен қаласының шетінен денесі табылған әйелді өлтірді деген күдікті Шығыс Қазақстанда ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Өскеменде әйелді өлтірді деген күдіктінің ұсталғанын растады.
"Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 2024 жылы 13 тамызда қаланың бау-бақша қоғамдарының бірінде болған әйелді өлтіргені үшін айыпталған 56 жастағы ер адамды ұстады", - деді ШҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Алмаз Төкенов.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Бұған дейін шамамен 45-50 жас аралығындағы белгісіз әйелдің денесі "Турист" автобазасының маңындағы саяжай массивінің шетінен табылғаны хабарланған болатын. Полицияның мәліметінше, марқұмның денесінде дене жарақаттары бар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!