"Осы уақыт ішінде Салтанатты еске алдым" - Байжановтың соттағы соңғы сөзі

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Осы уақыт ішінде Салтанатты еске алдым" - Байжановтың соттағы соңғы сөзі © Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Қуандық Бишімбаевтың сотында сотталушы Бақытжан Байжанов соңғы сөзін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қуандық Бишімбаевтың сотында сотталушы Бақытжан Байжанов соңғы сөзін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мейрамхана жабық болғанын, қызметкерлер таратылғанын ешқашан жоққа шығарған жоқпын. Видеоларды өшіруді тапсырдым. Шынында да, мұның бәрі - болған жайттар. Тергеудің басынан бастап мұның бәрі қашан, кім арқылы жасалғанын айттым. Бірақ осы жерде маңызды бір сұрақ бар: сол кезде ауыр қылмыс жасалғанын, бұл Салтанаттың өмірден өтуіне себеп болғанын білдім бе? Білмедім деп ант-су іше аламын. Білсем оның бірін де істемес едім. Тіпті түсінбедім. Оған қоса жасаған істерім қылмысты жасыру деп есептелетінін де білмедім. Сұмдық қылмыстың іздерін жасыруға саналы түрде көмектескен болсам, өзімді қорғамас едім, өз-өзімді кешіре алмас едім.

...Осы уақыт ішінде Салтанатпен кездескен сәттерімді еске алдым. Тірі болса жақындарына махаббаты мен мейірімін көрсетер еді деп ойладым. Ол өте шынайы, мейірімді жан болды. Бүгінде оның отбасының басына түскен ауыр қайғыны ешқандай сөзбен жеңілдете алмайсың. Бірақ осы қайғыны сейілтуге мүмкіндік болса, жаза арқалауға дайынмын. Тағы бір мәрте Салтанаттың отбасына, жақындарына шын жүректен қайғырып көңіл айтамын. Кешірім сұраймын. Салтанаттың жатқан жері жайлы болсын, топырағы торқа болсын, иманы саламат болсын!" - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети