Отан қорғаушылар күнінде Алматыда өтетін шаралар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отан қорғаушылар күнінде Алматыда өтетін шаралар © massaget.kz

2015 жылдың 7 мамырында Алматыда Отан қорғаушылар күні мерекеленеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2015 жылдың 7 мамырында Алматыда Отан қорғаушылар күні мерекеленеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл Алматыда Астана қаласының "Қазақ елі" алаңында өтетін Әскери шеруден видеотрансляция көрсетіледі. Бағдарламада әскери техника, әскери киімдер мен қару-жарақ, әскерге шақырушылардың "Мәңгілік алауға" гүл шоқтарын қоюы, отандық эстрада жұлдыздарының мерекелік концерті бар. Шара сағат 10.00-де 28-ші гвардияшыл-панфиловшылар саябағында басталады.

Сонымен қатар, 7 мамырда Алматыда Отан қорғаушылар күніне арналған велошеру өтеді. Ұзындығы 9 шақырым болатын веложарыс Желтоқсан көшесінен әл-Фараби даңғылына дейін барып, Тұңғыш Президент саябағында мәреге жетеді.

"Жарысқа қатысушылар Сәтпаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы Республика алаңында сағат 07.45-те жиналулары тиіс, велошеру сағат 08.15-те басталады. Шараның өтуіне байланысты Республика алаңынан (Сәтпаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысы) Тұңғыш Президент саябағына ( әл-Фараби даңғылы мен Мұстафин көшесі) дейінгі аралықтағы көлік қозғалысының бір бөлігі шектеледі. Сондықтан қалалықтарды жүретін бағыттарын алдын-ала анықтап алуды өтінеміз", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Алматы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының Жеңіс күнінің 70 жылдығын да кең көлемде атап өтеді. 28-ші гвардияшыл-панфиловшылар паркінде 9 мамырда сағат 9.40-та "Мәңгілік алауға" гүл шоқтары қойылады. Концерттік сахна мен әскери асхана Свято-Вознесенск соборының жанына орналасады. Кешкі мерекелік концерт сағат 20.00-де "Астана" алаңында өтеді. Мерекелік отшашулар бір мезгілде сағат 22.00-де екі жерден "Астана" мен "Сайран" өзені маңынан беріледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети