Ақтөбе облысындағы Мәртөк ауылында тұрып жатқан этникалық өзбек Манзура Тошмонова Қазақстан азаматтығын алу үшін қазақстандықтардан үш миллион теңге жинап беруді сұрады. 39 жастағы әйел азаматтық алғанға дейін ақшаны жұмсамауға уәде беріп отыр. Бұл туралы "Эврика" газеті жазды.
Ақтөбе облысындағы Мәртөк ауылында тұрып жатқан этникалық өзбек Манзура Тошмонова Қазақстан азаматтығын алу үшін қазақстандықтардан үш миллион теңге жинап беруді сұрады. 39 жастағы әйел азаматтық алғанға дейін ақшаны жұмсамауға уәде беріп отыр. Бұл туралы "Эврика" газеті жазды.
"Өмірімдегі ең қымбатты балаларымның атынан ант етемін! Есепшоттан бірде-бір тиын шешпеймін! Телеарналардан, газеттерден күн сайын, апта сайын ақшадан есеп беріп отыруға дайынмын! Қазақстанда азаматтық алғым келеді. Мәртөктен ешқайда кеткім келмейді!", - деп мәлімдеді ол.
Манзураның айтуынша, соңғы бес жылда күйеуімен және үш баласымен тұрып келген ауылында бәрі де тату-тәтті өмір кешіп жатыр: "Мұнда бәрі бір-біріне толерантты, ешкім ешкімді өкпелетпейді, көптеген ұлттың өкілдері бейбітшілік пен келісімде тұрмыс кешіп жатыр. Бастысы - балаларыма жағдай жасалған, дәл осы ауылда олардың аллергиясы қозбайды. Балаларымды да мектепте құшақ жая қарсы алды, ешкім де тиіспейді. Бұдан артық не керек?!". Айтуынша, осы себепті ол күйеуімен Мәскеуді емес, Мәртөкті таңдапты.
© Амина Тлек/"Эврика"
Ресей астанасына Тошмонова 2000-жылдардың басында нәпақа табуға барыпты.
"Мен Өзбекстанның Сұрқандария облысынанмын. Мектепті "бестікпен" тәмамдадым, әсіресе орыс тілі мен әдебиетін жақсы көретінмін. Алайда ол жақта өмір сүру қиын болды, сондықтан Ресейге аттандым", - деп еске алады ол.
Мәскеуде ол кез келген жұмысқа да тұра беріпті - ыдыс жуған, аула тазалаған, бала күтуші болған, пәтер жөндеу жұмыстарын жүргізген. Ал бірнеше жылдан кейін Виктор Гавриловпен танысқан. Жұп тез арада көңіл жарастырып, үйлену тойын өткізіпті.
"Ол да мен секілді жұмыс істеді. Жүрегі жұмсақ, - дейді Манзура күйеуі жайлы. - Өзі - ресейлік, Ресей азаматы".
Бірақ әйел де, балалары да Ресей азаматтығын ала алмаған. "Шаруаның көптігінен Өзбекстанда барып тіркелдік. Сондықтан күйеуім Ресей азаматы да, мен де, балаларым да өзбекстандықтармыз. Балаларымды да сол Сұрқандария облысында барып босандым", - дейді әйел.
Ал балалары өсе келе, отбасы басқа жаққа көшуді ұйғарған. Мәскеуде, айтуларынша, ешқандай да мүмкіндік болмаған. Сөйтіп, Мәртөкті таңдаған.
"Осы ауылдан талай мәрте өттім, ауыл шекарада орналасқан, Ресейге Қазақстан арқылы бара жатқанда көретінмін, көре келе адамдарының, табиғатының қандай жақсы екеніне таңғалатынмын. Менталитеті жағынан да сай келеді, орыстанған өзбекпін ғой, 20 жыл бұрынғыдай емес", - дейді Манзура.
Отбасы Мәртөкке келген бетте бар жинаған 25 мың долларына он сотық жері бар үй алып, жайғаса бастаған.
Жарты жыл өткенде ғана олар Қазақстан азаматтығын алу қиынға соғатынын білген. "Көші-қон полициясындағылар есепшотта үш миллион теңге болуы керектігін айтты", - дейді әйел.
Қазақстанның заңы бойынша ел азаматтығын алғысы келетіндердің есепшотында үш миллион теңге үш ай бойы жатуы керек. Сосын ғана оны шешіп алуға болады. Алайда Манзураның отбасында мұндай ақша жоқ. Ал күйеуі Ресейге барып, ақша тауып жүр. Оның өзі балаларының қажетіне ғана жетеді екен. Ал Манзураның өзі амалсыздан үй шаруасында. Оның үстіне Манзура Қазақстанға қонақ ретінде виза аштыру үшін шекараға ай сайын баруға мәжбүр. Әйел күйеуімен бірге сатып алған үйде тіркелген.
Бір қызығы, отбасы сатып алынған үйдің иесімен 2019 жылға дейін жалға алу шартын жасасқан. Алайда олар үйдің бар құнын төлеп қойған.
"Балаларым - Жавохирбек пен Сана Мәртөктегі мектепке барады. Үлкені кикбоксингпен айналысады, аудандық, облыстық және республикалық жарыстардың жүлдегері. Бұл менің ерекше мақтанышым, - дейді Тошмонова. - Бірақ олардың азаматтығы болғанын қалаймын".
Басылымның мәліметінше, жергілікті құқық қорғау органдары үкіметтің 26.11.2005 жылғы № 1185 қаулысын алға тартып отыр.
Бұл құжатта Қазақстанда тұрғылықты тұруға заңнамалық тәртіпте берілетін құқық алу үшін өтініш берген шетелдік азаматтар төлемге қабілетті болуы қажеттігі айтылады. Нақтырақ айтқанда, үміткердің шотында 1.320 АЕК көлеміндегі сома болуы тиіс.
"Тұрғылықты жері бойынша тіркелу үшін Тошмонова төлемге қабілеттігі жайындағы анықтама, көшіп кету, сотталмағаны жайлы анықтама және медициналық анықтама өткізуі тиіс", - деп түсіндірді Ақтөбе облыстық ІІД-нің Көші-қон басқармасының инспекторы Бекболат Бұқбанов.
Ведомство өкілдері Тошмонованың Қазақстанда тұрғылықты жерге тіркелу немесе Қазақстан азаматтығын қабылдау туралы өтініш түспегенін айтып отыр. Мұны Манзура да растады. Ақша жоқ болғандықтан өтінішті те түсірмей жүр екен.