Отарда болған төтенше жағдайда жарақат алған анголалық әскери қызметкер қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отарда болған төтенше жағдайда жарақат алған анголалық әскери қызметкер қаза тапты © Tengrinews.kz

Анголаның Мәскеудегі әскери диломатиялық қызметкері анголалық әскери қызметкердің қаза тапқанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анголаның Мәскеудегі әскери диломатиялық қызметкері анголалық әскери қызметкердің қаза тапқанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәліметтерге қарағанда Анголаның қарулы күштерінің әскери қызметкері Францишко Джордж қаза тапты. Ол Отарда "Гвардейский" әскери полигонында 2016 жылы өтетін армиялық ойындарға қатысқан.

Осыған дейін ол Отарда жаттығулар кезінде ауыр жарақат алған болатын. "Ангола командасындағы халықаралық әскери ойындарға арналған жаттығулар кезінде 120 миллиметрлік мина атқышы жарылған. Салдарынан бір әскери қызметкер ауыр жағдайда жатыр, ал қалғандары жеңіл жарақат алған. Зардап шеккендер Отар әскери базасындағы жекелеген медициналық жасаққа жеткізілді", - делінген еді хабарламада.

Қорғаныс министрлігіндегілердің айтуынша, алдын ала тергеу жұмыстары Ангола командасының 2Б11 мина атқышынан атыс жасаған кезде қауіпсіздік шараларының сақталмағанын көрсеткен.

Кейінірек Тасмағамбетов Отарда болған төтенше жағдайда зардап шеккен анголалық әскери қызметкерге барған еді.

"Ол күні Отардағы әскери ауруханаға Алматыдан хирургтер келді. Сондай-ақ, Ресейден де арнайы мамандар келген болатын. Әскери қызметкерге ота жасалды. Дәрігерлер оны құтқарып қалу үшін соңына дейін күресті. Алайда, оның алған жарақаттары тым ауыр болды", - деді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети