Отарда сарбаз комадан шықты: дәрігерлер не дейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отарда сарбаз комадан шықты: дәрігерлер не дейді? Фото:depositphotos.com

Дәрігерлер комадан шыққан мерзімді қызметтегі сарбаздың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер комадан шыққан мерзімді қызметтегі сарбаздың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әскери госпитальда Tengrinews.kz тілшісіне сарбаздың жағдайы туралы айтылды. Дәрігерлер комадан шыққан Нұржігіт Әбділпатта қазір қандай жағдайда екенін айтты, бірақ әскери дәрігерлер әзірге ешқандай болжам жасаған жоқ. Олардың айтуынша, 19 жастағы жігіттің жағдайы әлі де тұрақсыз.

"Мұның қандай қауіпті және белгісіз ауру екенін түсіну керек – полисегментті пневмония. Бұл өкпенің қабынуы, онда бірнеше функционалды сегменттер зақымдалады. Солдатта дәл осы өкпенің полисегментті қабынуының қарқынды дамуына байланысты, қанға оттегі әлдеқайда аз түскен кезде, ол комаға түсті. Ауруханада ол реанимация бөлімінде жатыр, онда оны тәулік бойы әскери дәрігерлер бақылайды және емдейді. Әскери госпитальдың реанимациясы барлық қажетті заттармен: өкпені жасанды желдетудің заманауи аппараттарымен, дәрі-дәрмектермен және жабдықтармен жарақтандырылған", - деді Алматы ҚМ әскери клиникалық госпиталінің жетекші терапевті, медицина қызметінің майоры Болат Тасыбаев.

Дәрігерлер сарбазды емдеп, қалпына келтіру үшін барлық жағдай жасалып жатқанын хабарлады. Ал сарбаздың ата-анасына госпитальда ұлының қасында болу мүмкіндігі берілген.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жатқан сарбаз әлімжеттік құрбаны болған. Әскерде жүргеніне небары 23 күн өткенде қостанайлық 19 жастағы Нұржігіт Әбдіпатта комадан бір-ақ шыққаны хабарланған болатын.

Отарда мерзімді қызметтегі сарбаз комадан шықты

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети